icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол «Жолда қабылдау» республикалық акциясын бастайды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Жолда қабылдау» республикалық акциясының басталғаны туралы хабарлайды. Бұл бастама жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттарды азайтуға бағытталған.

«Жолда қабылдау» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының, ҚР ІІМ полиция департаменттерінің және «Көліктік бақылау инспекциясы» РММ бірлесіп өткізіледі.

Шараның басты мақсаты –жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау, көлік жүргізгенде ерекше мұқият болуға жүргізушілердің назарын аудару.

Акция аясында жүргізушілерге жолдардағы қауіпсіздік туралы пайдалы ақпарат қамтылған брошюралар таратылады.

Сонымен қатар, жүргізушілер іс-шара өтетін жерде жол қозғалысына қатысты сауалдарына жауап ала алады.

«Жолда қабылдау» акциясы туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады.

Автожолдағы қауіпсіздікке әр жүргізуші назар аудару керек!